Путин: Коронавируспен күресіп жатқан елдерге қарсы санкцияларды алып тастау керек
(last modified Thu, 17 Dec 2020 18:29:30 GMT )
Жел 18, 2020 00:29 Asia/Almaty
  • Путин: Коронавируспен күресіп жатқан елдерге қарсы санкцияларды алып тастау керек

Ресей Президенті жыл сайынғы конференцияда коронавируспен күресіп жатқан елдерге қарсы санкциялар мен коммерциялық шектеулерді алып тастау керектігін айтты.

Владимир Путин  коронавирустың таралуына байланысты жылдық сөзін тілшілер алдында онлайн форматта айтып,  АҚШ-тың әлем елдеріне, соның ішінде ИИР-ға қарсы біржақты шараларына тоқталып, коронавируспен күресіп жатқан елдерге қарсы санкциялар мен шектеулерді алып тастауды талап етті.

Владимир Путин америкалық басшылардың Ресейді Вашингтонның мемлекеттік және қауіпсіздік органдарына кибершабуыл жасауға қатысы бар деп айыптағанына тоқталып, мұны арандатушы әрекет деп сипаттады.