Сарапшылар АҚШ-тың ыдырайтынын болжап отыр
Жел 18, 2020 00:54 Asia/Almaty
АҚШ істері жөніндегі сарапшылар бір немесе екі сайлау кезеңінде бұл ел ыдырап, штаттар бөлініп шығатынын болжап отыр.
АҚШ істері жөніндегі сарапшы Наталья Макарова «Взгляд» журналында жариялаған мақаласында АҚШ-тағы текетірес туралы жазып: «Жыл өткен сайын бұл елде сепаратистік рух тереңдеп барады. Бұл АҚШ-тың бөлшектенуіне алып келеді»,-деді.
АҚШ істері жөніндегі басқа бір сарапшы әрі зерттеуші Малек Дудаков: «АҚШ қоғамының екі полюске бөлінуіне байланысты қазір жағдай күрделі. Өйткені осы елдің жартысы өткен президенттік сайлаудың дұрыстығына сенбейді»,-деп жазды.
Тегтер