ТМД саммитінде Қарабақ пен коронавирус жағдайы қарастырылды
(last modified Sat, 19 Dec 2020 15:40:18 GMT )
Жел 19, 2020 21:40 Asia/Almaty
  • ТМД саммитінде Қарабақ пен коронавирус жағдайы қарастырылды

ТМД мүше елдер басшылары коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу бастамаларды және Таулы Қарабақ аймағындағы өзгерістерді талқыға салды.

Ресей Президенті Владимир Путин Оңтүстік Кавказдағы өзгерістер мен Таулы Қарабақ аймағындағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар жөнінде: «Ресейдің бітімгершілері аймақта бейбітшілікті сақтау үшін бүкіл талпыныс жасауда»,- деді. сонымен бірге Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинаны ТМД елдеріне жіберетінін мәлімдеді.

ТМД Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылдың 21 желтоқсанында құрылды. Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова және Түркменстан  оның мүшелері.