Мәскеу: Кибершабуыл туралы айыптар – соқыр русофобия
Жел 21, 2020 17:50 Asia/Almaty
Кремль ақпарат өкілі америкалық басшылардың Ресейдің АҚШ мемлекеттік органдарына қарсы кибершабуылдарға қатысы бар деген уәждерін негізсіз, соқыр русофобия үдерісін жалғастыру деп атады.
Дмитрий Песков дүйсенбі күні америкалық басшылардың уәждерін теріске шығара келіп: «Кибершабуылдардың Ресейге еш қатысы жоқ, өйткені Мәскеу жалпы мұндай шабуылдарға, соның ішінде кейінгі шабуылға араласқан емес»,-деді.
Соңғы күндері америкалық ақпарат құралдары елдегі мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарына хакерлік шабуылдар жасалғанын хабарлады.
Тегтер