Миллердің Ауғанстанға сапары; АҚШ-тың әскери орналасуын жалғастыру талпынысы
(last modified Wed, 23 Dec 2020 14:33:04 GMT )
Жел 23, 2020 20:33 Asia/Almaty
  • Миллердің Ауғанстанға сапары; АҚШ-тың әскери орналасуын жалғастыру талпынысы

АҚШ Қорғаныс министрі міндетін атқарушы Кристофер Миллер сейенбі күні алдын ала хабарланбаған Кабул сапарында Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездесті.

 

АҚШ Қорғаныс министрі міндетін атқарушысының Дональд Трамп билігінің соңғы айындағы Ауғанстан сапары америкалық күштердің бірте-бірте бұл елден шығарылуы жарияланғанымен,  Вашингтонның Ауғанстан үкіметі мен әскери және қауіпсіздік күштеріне «қолдау көрсету» үдерісіне өзгеріс енгізілмейтінін қуаттау болды. Бұл мәселе, әсіресе Трамптың америкалық күштерді Ауғанстаннан шығаруды талап етуін ескере, ауғандық басшылардың алаңдауына себеп болды. Талибандар шабуылдары күшейді және 2021 жылды 5 қаңтарына дейін Кабул үкіметі мен Талибандар арасындағы келіссөзздері тоқтатылды. Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдолла Мохеб АҚШ Ауғанстаннан шығуға дайындалғаннан бері бұл елдің азаматтық соғыс қаупімен бетпе-бет келгенін ескертті. Расында АҚШ-тың  Ауғанстанға еніп, соғыс ашуы ондаған мың адамның қырылуына  және көптеген қирауларға себеп болып, Ауғанстанда қауіпсіздік жойылды. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезіндегі уәделері және 2020 жылдың ақпан айындағы АҚШ пен Талибандар аарсындағы келісімді ескере отырып, 2021 жылдың мамыр айына дейін америкалық күштерді Ауғанстаннан шығаруды бұйырды. Бірақ бұл Ауғанстандағы АҚШ-тың әскери орналасуының аяқталуын білдірмейді. Нью-Йорк Таймс және басқа да бірқатар АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың АҚШ-тың жоғары әскери қолбасшыларына америкалық күштерді  Ауғанстаннан АҚШ-Талибан келісімінде көрсетілген уақыттан тезірек шығару керек деп бірнеше рет айтқанын хабарлаған. Трамптың бұйрығына сәйкес Ауғанстандағы АҚШ әскерінің саны 2021 жылдың қаңтар айының ортасына дейін 4500-ден 2500-ге дейін қысқарады. Алайда, Конгресс, сондай-ақ АҚШ пен Пентагонның жоғары әскери басшылары АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан толық шығарылуымен келіспейді. Сондықтан 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің билікке келуімен американдық әскерлерді шығару бәсендейді және осыған байланысты бұл салада өзгеріс болады деп күтілуде. Ауғанстандағы американдық әскерлер санының азайғанына қарамастан, қазір АҚШ Талибан мен Ауғанстан үкімет күштері арасындағы зорлық-зомбылықтың күшеюіне және Ауғанстанның позициялары мен қалаларына талибтердің шабуылдарының едәуір артуына байланысты өзінің әскери операцияларында дрондарды жиі қолдана бастады. АҚШ терроризммен жаһандық күресті сылтауратып, 11 қыркүйектен кейін Ауғанстан мен Иракқа қарсы әскери шабуылын бастады. Вашингтонның бұл екі елге қарсы соғыстары адамдардың қырылуы және инфрақұрылымның қирауы, сондай-ақ терроризмнің таралуына себеп болды.