Жел 26, 2020 22:22 Asia/Almaty
  • Долларға тәуелділіктің төмендеу үрдісі байқалуда

Ресей Сыртқы істер министрі жұма күні: «АҚШ санкция енгізген мемлекеттер ғана емес, еуропалық елдер де Вашингтонның өз рөлін асыра пайдаланғаны үшін долларға тәуелділіктен шығу мүмкіндігін іздеуде»,- деді.

Сергей Лавров: «Сауда  және инвестиция есептерін ұлттық валютамен жүргізгісі келетен тек Ресей, Қытай, Иран және ШЫҰ-на мүше елдер ғана емес. Қазіргі кезде Еуропаның мемлекеттері де, евроның өте жақсы жағдайын ескере отырып,  долларға тәуелділіктен шығу туралы ойлануда»,- деп мәлімеді. Лавровтың ескертулері іс жүзінде екі тақырыпқа негізделген. Бірінші мәселе - доллардың халықаралық саудадағы үлесінің, сонымен қатар әлемдік валюта резервтерінің бірі ретінде үздіксіз төмендеуі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) деректері көрсеткендей, доллардың әлемдік валюта резервіндегі үлесі 2020 жылдың үшінші тоқсанында қайтадан төмендеді. ХВҚ   валюта резервтеріндегі АҚШ долларының үлесі екінші тоқсандағы 61,2 пайыздан үшінші тоқсанда 60,4 пайызға дейін төмендеді. Екінші мәселе - АҚШ-тың басқа мемлекеттерге, әсіресе Вашингтонға қарсылас елдерге қарсы долларды экономикалық, сауда және қаржылық қысым көрсететін құрал ретінде қолдануына жол бермеу қажеттілігі туралы жаһандық пікірдің ортақ болуы. АҚШ сан рет компаниялар мен банктер және халықаралық қаржы жүйесінің долларға деген тәуелділігін Вашингтонның саясатын алға ілгерлету үшін  құрал ретінде пайдаланды. Екі үлкен құдырет Қытай мен Ресей  өткен жылдарда бұл қиындықпен бетпе-бет келді. АҚШ-тың басқа елдерді соққыға жығу үшін долларды пайдалануы қысқа мерзімде Вашингтонның мақсаттарына жетуіне себеп болуы мүмкін. Алайда, бұл саясатты ұзақ уақыт қолдану, соңында АҚШ-қа зиян тигізеді.

 

Тегтер