Лариджани мен Деһқан Мәскеуге барады
Сәу 16, 2016 19:38 Asia/Almaty
Ресейдегі Иран елшісі Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мен Иран Қорғаныс министрінің Мәскеуге сапар шегетінін хабарлады.
Ресейдегі Иран елшісі Мехди Санаи: «Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Ресей Думасының төрағасы Сергей Нарышкиннің шақыруымен Еуразия парламенттері төрағаларының отырысына қатысу үшін осы аптада Мәскеуге сапар шегеді» деді. Мәскеудегі Иран елшісінің айтуынша, Иран Қорғаныс министрі, бригада генералы сардар Хосейн Деһқан да Ресей Қорғаныс министрінің шақыруымен қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы жиынға қатысу үшін алдағы аптада Мәскеуге барады.
Тегтер