Наразылық білдірушілер Армения парламентінің алдында жиналды
(last modified Tue, 29 Dec 2020 09:59:16 GMT )
Жел 29, 2020 15:59 Asia/Almaty

Армения премьер-министрінің отставкаға кетуінің талқылануымен тұспа-тұс ел парламентінің алдында үкіметке қарсы митинг өтті.

Армения полициясы Еревандағы парламент ғимаратының алдындағы үкіметке қарсы наразылық митингі кезінде сегіз адамды ұстады. Полиция парламент ғимаратын қоршауға алып, сол жерге күштерін орналастырды. Наразылық білдірушілер көліктерге жұмыртқа лақтырып, Арменияның билік басындағы партиясының мүшесінің бірімен бетпе-бет келді. Наразылық білдірушілер Таулы Қарабақтағы соғыстан кейін Армения премьер-министрі Никол Пашиняның отставкаға кетуін талап етуде.