Лондонда Жаңа жыл басталғаннан 3 минуттан кейін бірнеше адам жараланды
https://itolqyn.com/news/world-i49539-Лондонда_Жаңа_жыл_басталғаннан_3_минуттан_кейін_бірнеше_адам_жараланды
Лондон орталығында суық қарумен жасалған шабуылдан кейін үш адам, оның ішінде екі ер адам мен бір әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 01, 2021 19:45 Asia/Almaty

Лондон орталығында суық қарумен жасалған шабуылдан кейін үш адам, оның ішінде екі ер адам мен бір әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл кезге дейін олардың жағдайы белгісіз. Полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері Сеймур көшесінің қиылысына жақын жерде жиналды. Көлік қозғалысы екі бағытта жабық. Жергілікті ақпарат құралдар расталмаған мәліметінде бір әйелдің қамауға алынғанын хабарлады.