Мәскеуде «Солеймани – лаңкестікпен күрескен адам» тақырыбында вебинар өтті
https://itolqyn.com/news/world-i49571
Мәскеуде өткен «Солеймани – лаңкестікпен күрескен адам» тақырыбындағы студенттік вебинарда сөз сөйлегендер Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысының лаңкестік-тәкфирлік топтармен күрестегі маңызды рөлін атап өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 04, 2021 00:04 Asia/Almaty
  • Мәскеуде «Солеймани – лаңкестікпен күрескен адам» тақырыбында вебинар өтті

Мәскеуде өткен «Солеймани – лаңкестікпен күрескен адам» тақырыбындағы студенттік вебинарда сөз сөйлегендер Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысының лаңкестік-тәкфирлік топтармен күрестегі маңызды рөлін атап өтті.

Мәскеудегі ирандық студенттердің ұйымы Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің шәһид болғанына бір жыл толуына орай вебинар өткізді. Ахмад Хаджәли Ресейдің Мүфтилер кеңесі атынан осы вебинарда сөз сөйлеп: «Сардар Солейманидің мектебі – имам Хосейн (ғ.) мен имам Хомейни (р.) мектептерінің жалғасы. Ол қанның семсерді жеңетінін үйретті»,-деді.