АҚШ-та саяси текетірес жалғасуда
Қаң 10, 2021 19:42 Asia/Almaty
АҚШ Президенті жақтастарының Конгреске шабуылынан бірнеше күн өтсе де, елде саяси текетірес жалғасуда.
АҚШ Конгресінің бірқатар өкілдері Трампқа импичмент жариялап, қызметтен босату қажеттігін айтып, оны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер санап отыр.
АҚШ Өкілдер палатасының Шағын бизнесті қолдау комитетінің төрағасы Нидия Веласкес: «Президенттің арандатуымен АҚШ елі лаңкестердің шабуылына ұшырады. Трампты қолдайтын барлық республикашылдардың қолдары қанға былғанды»,-деді.
4 күн бұрын Трамптың ашулы жақтастары Конгреске басып кірді. Соның салдарынан кемінде 5 адам қаза тауып, ондаған адам жараланып, қамауға алынды.
Тегтер