АҚШ Иран және басқа 5 елмен байланыс технологияларымен алмасуға тыйым салды
Қаң 15, 2021 19:12 Asia/Almaty
АҚШ Сауда министрлігі өз мәлімдемесінде Ресей, Қытай, Иран, Куба, Венесуэла және Солтүстік Кореяны жау елдер деп жариялап, олармен байланыс технологияларымен алмасуға тыйым салды.
Wall Street Journal-дың хабарлауынша, бұл мәлімдемеде «директиваның мақсаты байланыс және ақпараттық қызметтер мен технологиялармен алмасу саласындағы ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелерін шешу» деп айтылған. АҚШ Сауда министрлігінің директивасы былтыр Дональд Трамп енгізген №13873 бұйрығына негізделген. Директива АҚШ үкіметіне Қытайдан және АҚШ-тың жауы атанған тағы бес елден байланыс технологияларын сатып алуға тыйым салады.
Тегтер