Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымыраның көрсетті
(last modified Fri, 15 Jan 2021 15:39:35 GMT )
Қаң 15, 2021 21:39 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымыраның көрсетті

Солтүстік Корея өзінің қарулы күштерінің парадының кезінде суасты қайықтарынан ату мүмкіндікке ие жаңа баллистикалық зымыранды көрсетті.

Солтүстік Кореяда суасты қайықтарынан атылу қабілетке ие жаңа баллистикалық зымыраны ел лидері Ким Чен Ын  Пхеньянның ядролық қабілетін арттыру  туралы сөзін айтқаннан бір аптадан кейін көрсетілді. Солтүстік Корея АҚШ Пхеньяндағы билік жүйені құлату дұшпандық саясатын тоқтатқанға дейін зымырандық және ядролық бағдарламасынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Басқарушы Жұмысшы партиясының соңғы съезінен кейін Солтүстік Кореяда жаңа баллистикалық зымыранның көрсетілуі Пхеньянның ықтимал қауіптерге қарсы тежегіш қабілеттерін арттыру стратегиясының жалғасуының белгісі. Ким Чен Ынның өткен аптада Солтүстік Кореяның басқарушы партиясының сегізінші съезінде сөйлеген сөзін оның өткен ұстанымдарымен салыстырғанда өзгерістер байқалады. Бірақ зымырандық және ядролық әлеуетті нығайту және арттыру ел басшысының басты мәселесі болуда.  Солтүстік Корея басшысы бұрын-соңды болмаған мәлімдемесінде адамдарының экономикалық проблемаларға төзімділік білдіруіне сілтеме жасай отырып, ол өндіріс пен экономикадағы үлкен серпілісті, сондай-ақ сыртқы байланыстарды дамытуды, соның ішінде Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайтуды, кейбір ішкі мәселелерді шешу құрал деп атады. Бұл Ким Чен Ынның кейбір басқарушы идеяларының өзгеруінің белгісі болуы мүмкін. Корея түбегіндегі, әсіресе Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея қарым-қатынастарындағы өзгерістердің көбіне АҚШ-тың соңғы жылдардағы саясатының әсер еткеніне қарамастан, Дональд Трамптың биліктен кетуі және Джо Байден президент ретінде қызметіне кірісуі Корея түбегінде қорқыныш пен жаңа үміттер туғызды. Солтүстік Кореяның Байден кезіндегі АҚШ-тың сыртқы саясатындағы  біржақтылықтың тоқтатылуы туралы үмітіне қарамастан, Ким Чен Ын Ақ үй алдында саудаластық күшін арттырудың құралы стратегиялық құдыретті арттыру екенін  жақсы біледі. Зымырандық және ядролық бағдарламаларды дамыту стратегиялық және тежегіш қабілеттердің басты көрінісі болып табылады.