Иран Венесуэламен қарым- қатынасты жоғарылатуға еш шектеу қоймайды
(last modified Sat, 16 Apr 2016 16:01:00 GMT )
Сәу 16, 2016 22:01 Asia/Almaty
  • Иран Венесуэламен қарым- қатынасты жоғарылатуға еш шектеу қоймайды

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иран Венесуэламен қарым- қатынасты жоғарылатуға еш шектеу қоймайды деді.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда Венесуэла президентінің экономика және өндіріс істері бойынша орынбасары Мигель Перес Абадты қабылдауында Теһран- Каракас байланыстарын стратегиялық әрі жан- жақты деп атады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты санкцияларға дейінгі көлемде мұнай экспорттау негізінде Иранның өз үлесіне қол жеткізуі үшін Иранның мұнай өндірісін арттыратындығына сілтеме жасап: «Мұнай өндіруші үлкен елдердің барлығы осы стратегиялық өнімнің нарықта өзінің шын бағасын табуына талпыныс жасауы керек» деді. Мигель Перес Абад та елінің барлық салаларда өзара байланысты кеңейтуге қызығушылығын қуаттап, Венесуэла президенті Николас Мадуроның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мен Иран президентіне жолдаған хаттарын Джаһангириге табыс етті.