Зариф пен Могерини ортақ мәлімдеме жариялады
Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі мен Иран Сыртқы істер министрінің бірлескен отырысының соңында екі тарап ортақ мәлімдеме жариялады.
Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини мен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф байланыстарда жаңа маусымның ашылуына көмектесуші ретінде «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындау күнін құптап, осы бағдарламаны орындауға толығымен берік болуды қуаттады.
Зариф пен Могерини «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындауды, экономиканы дамытуды және халықтың игілігі мен тыныштығына көмектесу үшін ынтымақтастықтарды кеңейтуді, аймақтық бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті ұлғайтуды, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуді ортақ мақсаттар ретінде санады.
Екі тарап сондай-ақ ынтымақтастықтарды жеңілдету және келешекте Иран заңдары мен ережелері бойынша Еуропалық Одақ өкілдігінің ашылуына қатысты дайындық шаралар туралы келісті. Бұл жөнінде осы одақтың байланыс тобы Теһранға аттандырылатын болды.
Иран Сыртқы істер министрі мен Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі осы мәлімдемеде жыл сайын министр деңгейінде саяси сұхбаттасулар өткізуді, сондай- ақ жоғары деңгейде жүйелі сұхбаттасуларды қуаттады.
Иран мен Еуропа экономикалық, қаржы және банк саласындағы ынтымақтастықтармен қоса ақшаны жылыстырумен және лаңкестікті қаржылай қамтамасыз етумен күресуге атсалысуды қуаттады.