Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасындағы бұл топтың тұтқындары туралы ауызша дау
(last modified Tue, 19 Jan 2021 15:09:58 GMT )
Қаң 19, 2021 21:09 Asia/Almaty
  • Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасындағы бұл топтың тұтқындары туралы ауызша дау

Катарда өтетін ауғанаралық бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі қарсаңында Ауғанстан үкіметі мен Талибан тобы арасындағы топ тұтқындарының тағдыры туралы ауызша дау өрбіді.

Ауғанстанның вице-президенті Амролла Салех Талибан тұтқындарына өлім жазасының қолдануын қуаттағаннан кейін, Талибанның ақпарат өкілі  Ауғанстан үкіметіне бұл шешімді жүзеге асырудың салдары туралы ескертті. Салех: «Соңғы айларда Ауғанстанда мақсатты қастандықтардың саны көбейді. Өйткені бұл қастандықтарды жасағандарға ешқандай жаза қолданылмады. Бұл топтың күштері түрмеге қамалса да, олар әрекеттері үшін жазаланбайды және кешіріледі деп ойлайды»,- деді. Ауғанстанның вице-президенті Талибандардың күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылығын тоқтату үшін топтың кейбір тұтқындары өлім жазасына кесілуі керек деген қорытындыға келді. Салехтың бұл сөздерінен кейін Талибандар ақпарат өкілі Забихолла Маджахед тұтқындардың  құқықтарға ие екенініне тоқталып: «Бұл топтың тұтқындарының  өлім жазасына кесілуі Ауғанстан үкіметі үшін ауыр зардаптар әкеледі»,- деп қорқытты. 2020 жылының ақпан айындағы АҚШ үкіметінің Кабул басшыларымен келісусіз Талибанмен қол қойылған   екіжақты бейбіт келісімде Ауғанстан үкіметі ауғанаралық келіссөздер басталғанға дейін топтың тұтқындарын босатады деп уәде берген. Ауғанстан үкіметі мен тобы арасындағы бейбітшілік келісімге қол қойылғанша Талибан тұтқындарының босатылуы бұл топтың ұпайға ие болуы мен талаптарының артуы анық болғанымен,   Ақ үй мен кейбір ауған саяси топтардың  қысымымен Ауғанстан түрмелерінен 5000-ға жуық тұтқын босатылды. Ауғанстан  вице-президентінің айтуынша, бұл елдің соңғы айларда талибан тұтқындарын босатуы дұрыс болмады, өйткені бұл тұтқындар    түрмеден шыққаннан кейін зорлық-зомбылық әрекеттерін, соның ішінде Кабулға қысым көрсету және бейбітшілік процесінде ұпайға ие болу үшін мақсатты қастандықтар жоспарлау мен жүзеге асыруды жалғастырды. Осыған орай Амролла Салех   кез-келген лаңкестік әрекеттер үшін жаза қолданбайды деген ұғымды жою үшін Ауғанстанда көптеген қылмыс жасаған осы топтың кейбір тұтқындарын өлім жазасына кесуге шақырды.