Байден: Ішкі терроризм мен экстремизм – АҚШ-тың келешектегі түйткілі
(last modified Thu, 21 Jan 2021 13:03:10 GMT )
Қаң 21, 2021 19:03 Asia/Almaty
  • Байден: Ішкі терроризм мен экстремизм – АҚШ-тың келешектегі түйткілі

АҚШ Президенті Джо Байден өзінің инаугурациясында: «Ішкі терроризм мен экстремизм – АҚШ-тың келешектегі түйткілі. Мұны жеңуіміз керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джо Байден сәрсенбі күні АҚШ-тың 46-шы Президенті ретіндегі алғашқы ресми сөзінде АҚШ халқының жұмыла түсуі қажеттігін айтып: «Бірлесе отырып, елді жайлаған экстремизм мен заңсыздықты жоюымыз керек»,-деді.

Ол Трамп жақтастарының Конгреске шабуыл жасағанына тоқталып: «Әлгі қатыгез топ халықтың ерік-жігерін мұқалтып, демократияға сызат түсіре аламыз деп ойлады. Алайда бұлай болмады, ешқашан болмайды да»,-деді.

Джо Байден АҚШ-тағы ақ нәсілділерді артық санау және ішкі терроризмге тоқталып: «Осындай мәселелермен күресеміз»,-деді.  

Джо Байден өз үкіметінің коронавирустың таралуымен күреске қатысты бағдарламасына тоқталып: «Ақыр соңында біртұтас ел болып осы індетке төтеп беруіміз керек»,-деді.