Нигерияда шейх Закзакидің соты кейінге қалдырылды
(last modified Wed, 27 Jan 2021 13:59:42 GMT )
Қаң 27, 2021 19:59 Asia/Almaty

Нигерия мұсылмандары Нигерия исламдық қозғалысының бас хатшысы шейх Ибрахим Закзакидің босатылуын талап етіп шеруге шыққан кезде, ел Бас прокуроры Нигерия исламдық қозғалысы жетекшісінің сот ісін тағы кейінге қалдырды.

 

Нигерия Бас прокурорының айтуынша, шейх Закзакидің соты 8 және 10 наурызда өтеді. Шейх Ибрахим Закзаки және оның әйелі 2015 жылы 13 желтоқсанда Нигериядағы Зария қаласындағы діни рәсімдер өтететін жерде  әскери шабуыл кезінде тұтқындалды және бес жылдан астам уақыт түрмеде отыр. Соңғы айларда COVID-19 - басталуымен Шейх Закзаки мен оның әйелі үшін жағдай қиындай түсті. Шейх Ибрахим Закзаки кеңсесінің мәліметінше, Кадунаның Жоғарғы соты мемлекеттік түрме басшылығына шейх Закзакидің әйелі  Маламе  Зинатты коронавирусқа шалдыққанына байланысты емделу үшін ауруханаға апару бұйрық берді. Нигерия үкіметі соңғы жылдары мұсылмандарға қысым жасауды күшейтті. Мұсылмандардың діни іс-әрекеттеріне және Тасуа, Ашура күндеріндегі діни рәсімдерді өткізуге тыйым салынды және мұсылмандардың жиындары бақылауға алынды. Шындығында, Нигерия үкіметі соңғы жылдары мұсылмандарға қарсы қауіпсіздік шаралар қолдануда. Батыс Африканың осы маңызды және үлкен еліндегі Сауд Арабиясы мен Израильдің ықпалы және олардың Нигерия үкіметіне жасап отырған қысымдары назардан тыс қалмауы керек. Сауд Арабиясы басшыларының пікірінше, Нигериядағы күшті исламдық ағым елдің қызметі мен ваххабизмді таратуға күш салуы үшін үлкен кедергі болып табылады. Басқа жағынан, сионистік режимнің билігі Нигерияның үлкен мұнай ресурстары мен табиғи байлығын пайдалануды көздеуде. Сондықтан олар Нигериядағы билік құрылымына әсер ете отырып, елдің мұсылмандарына, әсіресе Ислам қозғалысының жетекшісі шейх Закзакиға қысым жасауды күшейтті. Барлық қысымға қарамастан, Нигерия мұсылмандары әртүрлі қалаларда бірнеше рет шейх Закзакидің босатылуын талап етіп шеру өткізді.