Зариф: Трамптың ойсырай жеңілгенін естен шығармаңыздар
https://itolqyn.com/news/world-i50006
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының АҚШ тарапынан бұзылғанына қарамастан, Теһранның өз міндеттемелеріне берік болып қалғанын айтып, АҚШ Мемлекеттік хатшысына: «Трамптың ойсырай жеңілгенін ешқашан естен шығармаңыздар»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2021 20:09 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамптың ойсырай жеңілгенін естен шығармаңыздар

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының АҚШ тарапынан бұзылғанына қарамастан, Теһранның өз міндеттемелеріне берік болып қалғанын айтып, АҚШ Мемлекеттік хатшысына: «Трамптың ойсырай жеңілгенін ешқашан естен шығармаңыздар»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты жағдайға тоқталып, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге: «АҚШ ядролық келісімді бұзды, Иранға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдануына кедергі жасады, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына берік болғандарды жазалады»,-деп жазды.  

Зариф: «Иран осындай қатынасты көре тұра, ядролық келісімге беріктігін сақтап, тек алдын ала белгіленген өтеу шараларын ғана қолданды»,-деді.

Зариф «Қай тарап алғашқы қадам жасау керек?» деген сұрақ қойып, Энтони Блинкенге:«Трамптың ойсырай жеңілгенін ешқашан естен шығармаңыздар»,-деп ескертті.

Энтони Блинкен бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы ретінде өзінің алғашқы баспасөз конференциясында Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды деп айыптады.