Ресей Қара теңізде әуе жаттығуын өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i50020
Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы елдің Қара теңізде әуе, теңіз және құрлық жаттығуын өткізгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2021 15:23 Asia/Almaty

Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы елдің Қара теңізде әуе, теңіз және құрлық жаттығуын өткізгенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы екі күндік әскери жаттығу туралы: «Бұл жаттығудың мақсаты – Қара теңізде барлау жұмыстарын жүргізу, кемелер мен қауіп төндіретін объектілерді анықтау және оларға төтеп беру»,-деді.

Қырым түбегінің жағалауында өткен бұл жаттығуға «Бал» атты зымырандық кешендермен жарақталған бөлімшелер қатысты.

Осы жаттығуда, сондай-ақ, СУ-24 бомбалаушы ұшақтар мен СУ-30 қырғи ұшақтар белгіленген объектілерді нысанаға алып, жойды.