Қаң 29, 2021 18:00 Asia/Almaty
  • Мәскеу АҚШ-тың Ресейге таққан айыбына реакция білдірді

Ресей елшісі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәскеудің террор жасау үшін химиялық қару пайдаланғаны туралы уәждерін негізсіз деп атады.

«Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Анатолий Антонов Ресей елшілігінің Facebook-тегі парақшасында: «Ресейге қарсы осындай дәлелденбеген айыптарға бірінші рет куә болып отырған жоқпыз. Біз сан рет шетелдік серіктестерден дәлелді мағлұмат беруді сұрадық, шындықты анықтау үшін мамандармен сұхбаттасуға ұсыныс жасадық. Алайда біздің өтінішіміз жауапсыз қалды»,-деді.  

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тілшілерге: «Бұл ведомство Ресейдің іс-әрекеттерін, соның ішінде Кремль үкіметіне қарсы Алексей Навальныйды улау үшін химиялық қару қолданғанын теңсеріп жатыр»,-деді.  

Тегтер