Зариф: Арастың экономикасы аймақтық жолдардың ашылуымен қарқындай түседі
Қаң 31, 2021 20:30 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Арас экономикасының аймақтық қатынас жолдарының іске қосылуымен қарқындай түсетінін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Джавад Зариф сенбі күні кешке аймаққа сапары барысында Нахичевань автономды республикасының басшыларымен кездесуі аясында Джульфа шекарасындағы жағдаймен танысып: "Алдымен Джульфа- Нахичевань –Армения арасында теміржол желісін ашуға болады. Бұл желі Арас пен Джульфа аймағының дамуына ықпал етеді",-деді.
Зариф осы сапар барысында Қарабақ соғысының аяқталғанына қуанғанын айтып, аймақта бейбітшілік пен достық орнайтынына үміт білдіріп: "Қазір бәріміз болашаққа қарауымыз керек",-деді.
Тегтер