Ресейдің ұлттық шекарасы маңында 40-тан астам бөгде ұшақтар анықталды
https://itolqyn.com/news/world-i50200-Ресейдің_ұлттық_шекарасы_маңында_40_тан_астам_бөгде_ұшақтар_анықталды
Ресей Қорғаныс министрлігі өткен аптада радиолокациялық станцияларының елдің ұлттық шекарасы маңында 33 әскери барлау ұшағы мен сегіз шетелдік барлау дронын анықтағанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 05, 2021 17:59 Asia/Almaty
  • Ресейдің ұлттық шекарасы маңында 40-тан астам бөгде ұшақтар анықталды

Ресей Қорғаныс министрлігі өткен аптада радиолокациялық станцияларының елдің ұлттық шекарасы маңында 33 әскери барлау ұшағы мен сегіз шетелдік барлау дронын анықтағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің бүгін жұма күнгі мәліметінше, бір жағдайда Ресейдің жойғыш ұшағы аспанға көтеріліп, Норвегия әскери-әуе күштерінің барлау ұшағын Баренц теңізі үстінде Ресейдің ұлттық шекарасынан алыстауға мәжбүрледі.