Ресей-Еуропа қатынастарындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді
Ресей мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас 2014 жылғы Украина дағдарысынан кейін нашарлап келеді. Соңғы кездегі Мәскеу мен Брюссель арасындағы дипломатиялық шиеленіс те Ресей-Еуропа қатынастарын ушықтырды.
Ресей Сыртқы істер министрлігі жұма күнгі мәлімдемесінде Швеция елшісі, Польша елшілігіндегі уақытша елші және Германия елшілігінің саяси хатшысын, 23 қаңтарда Мәскеуде өткен заңсыз наразылық акциясына қатысып, Алексей Навальныйдың босатылуын қолдағандары үшін сенімсіз, «personaе non grataе» деп жариялады. Мәлімдемеде: «Олардың мұндай әрекеттері қолайсыз және олардың дипломатиялық позицияларына сәйкес келмейді, сондықтан 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, бұл дипломаттар қалаусыз болып саналады және жақын арада Ресейден кетуге міндетті»,- деп айтылды. Мәскеудің бұл қадамы Еуропа елдерінің қатты реакцияларымен бетпе-бет келді. Олардың ішінде Франция мен Германия басшылары бұл мәселеде өз ұстанымдарын білдірді және Польша мұндай шешімнің екіжақты қатынастардағы дағдарысты тереңдететінін мәлімдеді. Навальный Германиядан оралғаннан кейін Мәскеу әуежайында қамауға алынып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Әрине, шетелдік дипломаттардың Навальныйдың жақтастарынң наразылық білдіруіне қатысуы 1961 жылғы Дипломатиялық құқық конвенциясының ережелеріне қайшы келеді. АҚШ-тың жаңа үкіметінің Ресейге қарсы ұстанымдары мен әрекеттеріне сәйкес келетін еуропалықтардың ұстанымдар мен әрекеттері Атлант мұхитының екі жағының Ресейдің ішкі істеріне ашық араласуының белгісі болып табылады. Олар Ресейге қысым көрсетіп, өздерінің талаптарын қабылдатқылары келеді. Қазіргі кезде Алексей Навальныйдың мәселесі Ресей мен Батыс, әсіресе Еуропалық Одақпен қарым-қатынастың одан сайын шиеленісуіне әкелді.