Джо Байден Ақ үй басшыларының Иранға қарсы уәждерін қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i50284
АҚШ Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждерін қайталады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 08, 2021 21:25 Asia/Almaty

АҚШ Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждерін қайталады.

Джо Байден жексенбі күні CBC ақпарат арнасына берген сұхбатында: «АҚШ Иранға салынған бірде-бір санкцияны жоймайды»,-деді.

АҚШ Президенті өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққанына және Вашингтонның ядролық келісімде белгіленген міндеттемелерін орындаудан бас тартқанына тоқталмастан: «Қарым-қатынаста алға жылжу үшін Иран алдымен уран байытуды доғаруы тиіс»,-деп уәж айтты.