Лавров Батыстың Навальныйдың ісін құрал ретінде пайдалану талпынысын сынады
(last modified Tue, 09 Feb 2021 13:59:36 GMT )
Ақп 09, 2021 19:59 Asia/Almaty
  • Лавров Батыстың Навальныйдың ісін құрал ретінде пайдалану талпынысын сынады

Ресей мен Батыс арасындағы шиеленіс 2014 жылдан бастап күшейіп, уақыт өте келе жаңа мәселе екіжақты қатынастардың шиеленісті мәселесіне айналды. Соңғы апталарда Ресей үкіметінің қарсыласы Алексей Навальныйдың қамауға алынуы және сотталуы Ресей мен Батыс арасындағы жаңа саяси және дипломатиялық шиеленісті тудырды.

 

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні кешке: «Батыс Алексей Навальный мәселесін Мәскеумен келіссөздерде ең маңызды мәселеге айналдыруға талпынуда. Батыс Навальныйдың улануына Мәскеудің қатысы бар деп уәжденгенімен, іс жүзінде түпнұсқа «құжаттарды» жасырып, Навальныйдың медициналық қорытындысы мен зертханалық нәтижелерін беруден бас тартып, оны химиялық қарумен уланған деп мәлімдейді»,- деді. Лавровтың айтуынша, «батыстықтар, әсіресе Еуроодақ пен АҚШ Навальныйды қолдап, оның босатылуын талап етіп,  бұл міселені Ресеймен келіссөздерінің басты тақырыбына айналдыруға талпынуда». Ресей үкіметін сынаушы Алексей Навальный әрдайым Еуроодақ пен АҚШ-тың кең қолдауына ие болды және соңғы жылдары үкіметке қарсы наразылықтарға белсенді қатысты. Наразылық білдірушілердің аралсуы тұрақсыздықты қалыптастыруға, наразылықты күшейтуге және Ресейде өздері қалаған өзгерістер енгізуге жағдай жасауға бағытталған. Еуропа мен АҚШ-тың бұл бағыттағы ең көрнекті іс-шараларының бірі - Ресейдегі ішкі ахуал аясында жағымсыз атмосфера құру үшін оппозицияға қаржылық көмекті көбейту және бұқаралық ақпарат құралдарымен толық қолдау.  Брюссель мен Вашингтон Ресейдің билік басына Алексей Навальный сияқты батысшыл тұлғаның келгенін қалайды. Алайда, оппозицияның Батысқа айқын тәуелділігі мен орыс халқының хабардарлығының арқасында олар өз мақсаттарына жете алмады. Ресей үкіметі сан рет Батысты елдің ішкі істеріне араласуымен айыптап, оның салдары туралы ескертіп, сонымен бірге ЕО мен АҚШ-тың Ресейдің ішкі істеріне кез-келген араласуына қарсы шешімді шаралар қабылдады. Мәскеу Навальныйдың қамауға алынуына арналған наразылық акциясына қатысқаны үшін үш Швеция, Германия және Польша дипломаттарын елден шығарып жіберді. Бұл шешім еуропалықтарға Ресейдің ішкі істеріне араласудан аулақ болу туралы елеулі ескерту болып табылады. Еуропаның Ресейге қарсы дұшпандық әрекеттерінің күшеюін АҚШ билік басына Джо Байденнің келуі мен оның Ресейге қарсы ұстанымын ескере отырып сараптауға болады. Саясаттанушы Владимир Фроловтың пікірінше, Ресейдің ең үлкен алаңдаушылығы Байденнің Атлант мұхитының екі жағын Ресейге қарсы әрекеттену саласында біріктіруіне байланысты болуы мүмкін. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трам  Ресей президенті Владимир Путинді қолдады деп санаған еуропалықтар енді Вашингтонның Ресейге қарсы қысымын күшейтуіне толық қолдау көрсете алатындарына күмәнденуде.