Зариф: Байден үкіметі өз саясатына қатысты қорытынды шешімге келмеді
https://itolqyn.com/news/world-i50372-Зариф_Байден_үкіметі_өз_саясатына_қатысты_қорытынды_шешімге_келмеді
ИИР Сыртқы істер министрі: «Байден үкіметі өз саясатына қарасты қорытынды шешімге келмеді, ал Иранның саясаты мен ұстанымы толығымен айқын да кесімді»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 12, 2021 16:07 Asia/Almaty
  • Зариф: Байден үкіметі өз саясатына қатысты қорытынды шешімге келмеді

ИИР Сыртқы істер министрі: «Байден үкіметі өз саясатына қарасты қорытынды шешімге келмеді, ал Иранның саясаты мен ұстанымы толығымен айқын да кесімді»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Қытайдың Phoenix ақпарат сайтына берген сұхбатында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың жаңа үкіметімен қатынаста Иран бірінші болып қадам жасамайды. АҚШ алдымен ядролық келісімге беріктігін көрсетуі керек»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қандай да бір шара қолданбас бұрын Иранның оған қандай реакция білдіретінін назарда ұстауы тиіс»,-деді.