Иран мен Ауғанстанның шекарасындағы кеден бекетінде бензин тасымалдаушы көліктер жарылды
(last modified Sun, 14 Feb 2021 12:54:38 GMT )
Ақп 14, 2021 18:54 Asia/Almaty

Гераттың "Ислам-Кала" кеден бекетінде бензин тасымалдаушы көліктердің жарылысына куә болған ирандық және ауғандық жүргізушілер өз ойларын айтты. Ауғанстанның Герат облысы баспасөз хатшысы Джилани Фархадтың Ислам-Кала комиссарына сілтеме жасап айтуынша, осы көліктердің жарылысында шамамен 500 тонна бензин өртеніп кетті. Фархадтың Ауғанстандағы жергілікті ақпарат құралдарына айтқанындай, өрт салдарынан 17 адам түрлі жарақат алып, зардап шеккен.