Еуропаның үш елі ядролық келісімдегі міндеттемелеріне қайта оралуы тиіс
(last modified Mon, 15 Feb 2021 14:29:04 GMT )
Ақп 15, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • Еуропаның үш елі ядролық келісімдегі міндеттемелеріне қайта оралуы тиіс

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Еуропаның үш елі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайта оралуы тиіс»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз конференциясында Еуропаның үш елі – Германия, Ұлыбритания мен Францияның Иранда уран өндірісіне тыйым салу туралы уәждеріне тоқталып: «Ядролық келісімдегі міндеттемелерге қайта оралу – Еуропаның үш елі үшін ең оңай жол. Егер еуропалықтар өз міндеттемелеріне қайтып келсе, Иран да өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,-деді.

Хатибзаде: «ИИР әрдайым медициналық зерттеулерді ілгерілету үшін реакторларды қажетті дамытылған отынмен қамтамасыз етуге көңіл бөліп келеді, бірақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты бұл жобадан бас тартты»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ислам Кеңесі Мәжілісінің қосымша протоколды ерікті түрде орындауды 21 ақпанға дейін тоқтатуға қаулы қабылдағанын айтып: «Егер айтылған мерзімге дейін тараптар өз міндеттемелерін қабылдамаса, Иран қосымша протоколды орындауды кесімді түрде тоқтатады»,-деді.