Байденнің Ауғанстанға қатысты ұстанымы
(last modified Mon, 22 Feb 2021 15:45:59 GMT )
Ақп 22, 2021 21:45 Asia/Almaty
  • Байденнің Ауғанстанға қатысты ұстанымы

Талибан келісімгерлер делегациясының басшысы Мулла Барадар АҚШ-тың осы топпен арадағы Ауғанстаннан америкалық әскерилерді шығару туралы келісімге берік болу қажеттігін айтып: «Талибан шетелдік күштердің осы елде болуына төзбейді»,-деп ескертті.

Талибанның ақпарат өкілі Забихулла Моджахед те Байден үкіметіне осы келісімді бұзу ықтималына қатысты ескерту жасап: «Егер АҚШ келісімге берік болып қалса, біз де оны ұстанамыз. Болмаса, өз тәуелсіздігімізді сақтау үшін кез келген құрбандыққа дайынбыз»,-деді. Талибан тобы басшыларының ескертулері артып отыр, өйткені АҚШ пен Талибан тобының келісіміне сәйкес Вашингтон басшыларының өз әскерилерін Ауғанстаннан шығаруға шешім қабылдауына екі айға жуық  қана уақыт қалды. АҚШ басшылары үшін кері санақ басталды. Кейбір сарапшылардың айтуынша,  АҚШ Талибан тобымен келісімдегі міндеттемелерін орындамаса, Батыс күштері Талибан тобының шабуылына ұшырайды.

Талибан істері жөніндегі сарапшы Назар Мұхаммед Мотмаен осы жөнінде: «Егер Вашингтон АҚШ-Талибан келісімінен шығатын болса, Талибан АҚШ-тың келісімге қайтып оралуын тосып отырмайды, АҚШ пен НАТО күштеріне шабуылды қайта бастайды»,-деді.

Әрине Талибан тобы басшыларының ескертулерімен бір мезгілде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джек Салливан: «Байден НАТО-ға мүше елдер және АҚШ қолбасшыларымен Қатар келісімін талқылап жатыр. Байден үкіметі алдағы күндер немесе апталар барысында шетелдік күштерді Ауғанстаннан шығаруға қатысты шешім қабылдайтын болады»,-деді.

Әрине мұны тек Салливан ғана емес, оған дейін АҚШ-тың Қорғаныс министрі де айтты. Байден үкіметі өз одақтастарымен Катар келісімін қайта қарастыру туралы кеңесетін болады.  АҚШ күштері Ауғанстаннан асығыс шығарылмайды. Қалай болғанда да АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі мен басқа да жауапты тұлғалары Байденнің Ауғанстан жайлы шешім қабылдайтыны туралы айтып отыр. Алайда НАТО-ға мүше елдер Қорғаныс министрлерінің соңғы отырысы шетелдік күштерді Ауғанстанда қалдыру немесе бұл елден шығару туралы ешқандай шешім қабылдаусыз аяқталды.

Жалпы Вашингтон үкіметі көрсетіп отырған белгілерге сәйкес АҚШ-тың жаңа Президенті Джо Байден Трамптың америкалық күштерді Ауғанстан жерінен шығару туралы шешімін қайта қарастырайын деп отырған сыңайлы.