Сеул: АҚШ Иранның кейбір активтерін босатуға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i50680
Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерінің бірі АҚШ-тың Иранның бұғатталған кейбір активтерін босатуға келіскенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2021 16:26 Asia/Almaty
  • Сеул: АҚШ Иранның кейбір активтерін босатуға келісті

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерінің бірі АҚШ-тың Иранның бұғатталған кейбір активтерін босатуға келіскенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің KBS TV желісіне сілтеме жасап берген мәліметінше, бұл кореялық қызметкер бейсенбі күні: «Ақша  аудару  Швейцария банктері арқылы жүзеге асырылады. Құрама Штаттар іс жүзінде Иранның кейбір активтерін Швейцария банктері арқылы аударуға келісім берді, бірақ оны қалай аудару туралы пікірталастар жалғасуда»,- деді.

Сәрсенбі күні Иран Орталық банкінің бас директоры Абдулнасыр Хеммати: «Орталық банктің Кореяда 7 миллиард доллар ақшасы бар. Кореяның бізге төлемі 1 миллиард доллардан басталады»,- деп хабарлады.