Арменияның армиясы мен премьер-министрі арасындағы шиеленіс күшейді
https://itolqyn.com/news/world-i50682-Арменияның_армиясы_мен_премьер_министрі_арасындағы_шиеленіс_күшейді
Армения премьер-министрі елдің армиясын өзіне қарсы төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 26, 2021 16:48 Asia/Almaty
  • Арменияның армиясы мен премьер-министрі арасындағы шиеленіс күшейді

Армения премьер-министрі елдің армиясын өзіне қарсы төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды.

Al-Alam телеарнасының хабарлауынша, Никола Пашинян бұл сөздерді Республика алаңындағы үкіметтің штаб-пәтері алдында жақтастарының алдында айтты. Ол: «Армия саясатқа араласпауы керек, керісінше халықтың және сайланған үкіметтің бұйрығына бағынуы керек. Тиісінше, мен барлық сарбаздарды, офицерлерді және генералдарды өз міндеттерін орындауға және Арменияның шекаралары мен аумақтық тұтастығын қорғауға шақырамын. Бұл менің бұйрығым және оны ешкім бұза алмайды»,- деді.

Пашинян Армения армиясының бас қолбасшысының орынбасарын қызметінен босатты, содан кейін армия оның отставкаға кетуін талап етті.