АҚШ-тың Сирияға жасаған әуе шабуылдары - Байден үкіметінің арандатушылығының белгісі
(last modified Fri, 26 Feb 2021 15:13:11 GMT )
Ақп 26, 2021 21:13 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға жасаған әуе шабуылдары - Байден үкіметінің арандатушылығының белгісі

АҚШ 2014 жылдан бастап Сирияда ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресті сылтауратып, бұл елде әскери күштерін заңсыз орналастырды және Сирия үкіметінің бірнеше рет жасаған өтініштеріне қарамастан, күштерін шығармады.

 

Сонымен бірге Вашингтон Сириядағы қарсыласу күштеріне шабуыл жасауды өзінің күн тәртібіне қойып, АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден мен оның үкіметінің ұрандарына қарамастан, Байден қарсыласу ағымына басынан бастап дұшпандық көзқарас танытты. Пентагон бейсенбі кешке: «АҚШ әскери күштері Байденнің бұйрығымен Сирияның шығысындағы қарсыласу топтарының позицияларын бомбалады»,- деп мәлімдеді. АҚШ-тың бұл әрекеті Байденнің тікелей тапсырысы бойынша бірнеше мақсатта жүзеге асырылған болып көрінеді. Біріншіден, Вашингтон бұл әскери әрекет іс жүзінде АҚШ-тың Ирактағы базаларына, оның ішінде Эрбил әуежайына жасалған шабуылдарға жауап деп санайды. Бұл шабуылдардан кейін АҚШ осы әрекеттерге Иранмен байланысты топтарды кінәлап, шешуші және өлшенген жауап беруге уәде берді. Бұл арада Иран Эрбил әуежайына жасалған шабуылды ашық түрде айыптап, мұны АҚШ-тың Иракта қалуын жалғастыру үшін сылтау деп атады. АҚШ-тың бұл әуе шабуылының тағы бір мақсаты - сионистік режимге және бұл режимнің талаптарына, оның ішінде қарсыласу күштерінің Сириядан толық шығарылуына қолдау көрсету. Израиль ұзақ уақыт бойы Сирияның әртүрлі аймақтарында қарсыласу күштерінің позицияларына қарсы көптеген әуе шабуылдар  жасап келеді. Енді бастапқыда Трамп үкіметінің саясаты мен іс-әрекетін кері қайтарамыз деп мәлімдеген Байден үкіметі  Трамптың соғысқұмар, оның ішінде Сирияға қатысты саясатын жалғастыруда. АҚШ-тың Сириядағы әскери орналасуы Сирия үкіметінің бірнеше рет қарсылық білдіруіне қарағанда халықаралық нормалар мен заңдарға қайшы келетін заңсыз әрекет және Сирияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу болып табылады. Шабуылға тапсырыс беру арқылы Байден Ақ үйде қандай президент болса да, АҚШ-тың соғысқұмарлық ұстанымы мен саясатының өзгермейтінін көрсетті.