АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасын қайта қарастыру талап етілді
(last modified Sun, 28 Feb 2021 17:32:04 GMT )
Ақп 28, 2021 23:32 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасын қайта қарастыру талап етілді

Дональд Трамп билігі кезінде АҚШ пен Сауд Арабиясының етене араласып, Трамп Сауд режиміне, әсіресе тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманға жан-жақты қолдау көрсеткеніне қарамастан, АҚШ-тың жаңа Президенті Джо Байден екі елдің қарым-қатынасын қайта қарастыру қажеттігін айтты. Бұл ұстаным демократтардың оң реакциясын тудырды.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоси осы елдің барлау қоғамының саудиялық тілші әрі сыншы Джамал Хашагджидің қатыгездікпен өлтірілгені туралы есеп жарияланғаннан кейін  Мұхаммед бен Салманға сын айтып, АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасын қайта саралауды талап етіп: «Есептің бір бөлігінде Сауд режимінің адам құқығын өрескел бұзғаны айтылған. Сондықтан АҚШ үкіметі Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын қайта бағалап, реттеуі керек»,-деді. Демократ басшының талабын оның партияластары қолдады.

Вашингтон мен эр-Риядтың қарым-қатынасында шиеленіс байқалғанымен бұл АҚШ-тың Сауд Арабиясына қатысты саясаты мен ұстанымын түбегейлі түрде өзгертеді деген сөз емес. АҚШ-тың бұрынғы үкіметіне керісінше Байден үкіметі сырттай алғанда Сауд Арабиясына қатысты өзгеше саясат ұстанатынын көрсетіп отыр. Сонда да Трамп сан рет қайталағандай эр-Рияд «АҚШ-тың сүтті сиыры» болып қала береді. АҚШ Сауд режиміне маңызды аймақтық одақтас және ірі қару-жарақ сатып алушы ретінде қарайды. Сондықтан Байден үкіметінің сыртқы қысымына қарамастан, Вашингтон мен эр-Риядтың стратегиялық қарым-қатынасы өзгермейтін сыңайлы.

АҚШ барлау қоғамының соңғы есебі бойынша Байден үкіметі Мұхаммед бен Салманды Джамал Хашагджиді өлтіруге әмір берген адам деп санайды, бірақ Ақ үй Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен іскерлік қарым-қатынасты сақтап қалуды көздеп отыр. Шын мәнінде Байден үкіметінің қатынасы екі елдің басты байланысын үзбей, Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты жаңадан бастау болып отыр.