Ереванда наразылар бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді
Нау 01, 2021 21:03 Asia/Almaty
Армения үкіметіне наразылардың бір тобы Ереванда бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді.
Шерушілер дүйсенбі күні Ереванда бір мемлекеттік ғимаратқа басып кіріп, тағы да Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.
Кеше «Ұлтты құтқару» қозғалысы бастаған оппозиционерлер Ереванда жиналып, Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.
Оппозиционерлер Армения премьер-министрін Қарабақ соғысында елдің жеңіліс тауып, 5 мың сарбаздың қаза тауып, мыңдаған адамның жараланып, мүгедекке айналуына жауапты деп санайды.
Тегтер