Ереванда наразылар бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді
https://itolqyn.com/news/world-i50772-Ереванда_наразылар_бір_мемлекеттік_ғимаратқа_басып_кірді
Армения үкіметіне наразылардың бір тобы Ереванда бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 01, 2021 21:03 Asia/Almaty
  • Ереванда наразылар бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді

Армения үкіметіне наразылардың бір тобы Ереванда бір мемлекеттік ғимаратқа басып кірді.

Шерушілер дүйсенбі күні Ереванда бір мемлекеттік ғимаратқа басып кіріп, тағы да Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Кеше «Ұлтты құтқару» қозғалысы бастаған оппозиционерлер Ереванда жиналып,  Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.   

Оппозиционерлер Армения премьер-министрін Қарабақ соғысында елдің жеңіліс тауып, 5 мың сарбаздың қаза тауып, мыңдаған адамның жараланып, мүгедекке айналуына жауапты деп санайды.