Америкалық аналитикалық орталық: Ресей 60 сағаттың ішінде Балтық елдерін басып алады
(last modified Tue, 09 Feb 2016 08:34:26 GMT )
Ақп 09, 2016 14:34 Asia/Almaty
  • Америкалық аналитикалық орталық: Ресей 60 сағаттың ішінде Балтық елдерін басып алады

Бір америкалық аналитикалық орталық Ресей қарулы күштерінің 60 сағаттың ішінде Балтық теңізі аймағындағы НАТО-ға мүше елдерді басып алу әлеуетіне ие екендігін айтты.

Sputnik ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, RAND деп аталатын бір америкалық аналитикалық орталық қырғи-қабақ соғысты еске салатын бір есебінде Ресей қарулы күштерінің 60 сағат ішінде Балтық аймағында орналасқан Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы НАТО-ға мүше елдердің астаналарында, соның ішінде, Таллин мен Рига қалаларында орныға алатынын, сол себепті, НАТО осындай болжамның жүзеге асырылуының алдын алу үшін өз бюджетін 2,7 миллиард долларға арттыру керек екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың әскери жоспарлаушылары Ресейдің өздеріне қарсы жорамалдағы қоқан-лоққысы туралы ойлап, Вашингтон мен НАТО-ны әскери бюджеттерін арттыруға көндіруді көздеп отыр.

Осы есеп бойынша жылдам жеңіліс НАТО-ның барлығы жаман болып табылатын варианттарын шектейтін болады.