Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда айналымы арта түсті
Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің сауда айналымы арта түскенін хабарлады.
Сейіт Расул Мохаджер: «Коронавирустың таралуына байланысты көптеген елдердің экономикалық дамуы тоқырап қалды. Бірақ Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен сауда қарым-қатынасы арта түсті»,-деді. Мохаджер Еуразия экономикалық одағы басшыларының ИИР-мен еркін сауда қатынасын орнату туралы келісім жасауға қаулы қабылдағанын айтып: «Иранның осы одаққа мүше елдермен еркін сауда туралы келісімін орындауға қатысты келіссөздері жуырда басталады»,-деді.
Мохаджер айтуынша, Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында алмасылған тізімдер негізінде еркін тарифтер орнатылады.