Джо Байден Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайды ұзартты
(last modified Sat, 06 Mar 2021 13:43:07 GMT )
Нау 06, 2021 19:43 Asia/Almaty
  • Джо Байден Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайды ұзартты

АҚШ Президенті Өкілдер палатасы мен Сенат спикерлеріне жолдаған хатында алғаш рет 1995 жылы 15 наурызда жарияланған Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайды тағы бір жылға ұзартты.

Fars News агенттігінің мәліметінше, Джо Байден Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайды ұзарту бұйрығында  Иран үкіметінің іс-әрекеттері мен саясаттарын, оның ішінде зымырандарды және басқа қару-жарақ мүмкіндіктерін кеңейту мен дамытуды және   «аймақтық шабуылдар желісі, террористік топтарды қолдау және Ислам революциясы Сақшылар корпусының зиянды әрекеттері және оның баламалары» деп атанған әрекеттерді АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі, сыртқы саясаты және экономикасы үшін ерекше қатер екенін уәжденді.