Арменияда билік үшін соғыс жалғасуда
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян үкіметінің уәделеріне қарамастан, Еревандағы наразылық білдірушілер оның биліктен кетуін талап етуді жалғастыруда.
Осыған байланысты Армения үкіметінің қарсыластару Ереванда тағы да шеру өткізіп, бұл жолы олар Никол Пашинянды кетіруді ашуын күшейтіп талап етті. Наразылық білдірушілер қажет болса, зорлық-зомбылық шараларын қолданатынарын жариялады. Армения премьер-министрінің саны аз емес жақтастары оны қолдап, үкіметтен қарсыластарға қатаң шара қолдануды талап етуде. Соңғы он күнде Арменияның премьер-министрі барлық қарсыластарын биліктен шеттетті. Армения Президенті Армен Саркисянның қарсылығына қарамастан, Пашинян саясатының сыншысына айналған Армения армиясы штабының қолбасшысы мен орынбасарын міндетінен босатты. Алайда, Армения Конституциясына сәйкес, армия қолбасшыларын жұмыстан босату және орналастыру жауапкершілік президентке жүктелген. Армения Премьер-министрі елдің Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатқаннан кейін Армения Президенті Армен Саркисян Конституциялық сотқа шағым түсірді. Сөйтіп президент қатарынан екінші рет Армения премьер-министрінің елдің ең жоғарғы әскери шенеунігін қызметінен кетіру туралы өтінішіне қарсыдық білдірді. Осыған байланысты тағы бір жағдай - Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның ресейлік қарулардың сапасына нұқсан келтіру әрекеті. Арменияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Серж Саргсян Ресейден сатып алынған қарудың қолданылмауын Әзірбайжаннан жеңілудін негізгі себебі деп тапты. Бірақ бұл сөздерге жауап ретінде Никол Пашинян ресейлік қаруды сапасыз және қолдануға жарамсыз деп сипаттады. Кейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемеге: «Искандер зымырандық жүйесі Сирия соғысында тиімділігін көрсетті»,- деп қуаттады. Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі және әскери сарапшы генерал Игорь Конашенков: «Мәскеуге қол жетімді нақты және сенімді ақпаратқа және бақылау жүйесіне сүйене отырып, біз Ресейдің зымыран кешендерінің, соның ішінде Искандер-М зымыран жүйесінің Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағындағы әскери қақтығыс кезінде қолданылмағанын растаймыз»,- деді. Халықтық наразылық және Ереван үкіметінің жақтаушылары мен қарсыластарының көшеге шығуы жағдайында Армения премьер-министрінің жақтастары қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа бейім емес адамдар екенін ескеру маңызды. Пашинян үкіметінің қарсыластары қақтығыстан қорықпайды. Армения премьер-министрі өз жақтастарын көшеге сүйреу арқылы ішкі дағдарысты күшейтті. Қорыта айтқанда, Армениядағы ішкі дағдарыстың екі ашық және жасырын тұрғысы бар. Армения армиясы мен үкімет арасында шиеленіс артуда, бірақ дағдарыстың артында Ереван алаңдарына Пашинянді биліктен кетіруді талап ететін қарабақтықтар тұрған сияқты. Бұл арада армян халқы Никол Пашинян үкіметі уәделерінің маңызды бөлігін орындамады деген нәтижеге жетті. Расында, Армения үкіметі мен Таулы Қарабақ үкіметі арасында үлкен айырмашылық жоқ. Өйткені бұл екеуі де Арменияда жұмыссыздықтың өсуіне және ішкі дағдарысқа әкелді.