Байден Трамптың барынша қысым саясатын жалғастыруда
(last modified Fri, 12 Mar 2021 15:04:41 GMT )
Нау 12, 2021 21:04 Asia/Almaty
  • Байден Трамптың барынша қысым саясатын жалғастыруда

АҚШ Мемлекеттік хатшысы америкалық басшылардың қарама-қайшы ұстанымдарын тағы да көрсетіп: «Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайтып оралмайынша, Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған ақшасы босатылмайды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған ақшасының тасымалдануына тосқауыл қоятыны туралы сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамптың саясатын қайталау жаңа нәтиже бермейді»,-деді.

АҚШ Президенті Джо Байден Ақ үйге келгеннен кейін дипломатиялық қарым-қатынас жасауға келісетінін, өйткені Дональд Трамптың Иранға қарсы барынша қысым саясатының нәтиже бермегенін сан рет айтқан болатын.  

Бұл ұстаным Байден үкіметінің сыртқы саясат командасының мүшелері тарапынан сан рет жарияланды, бірақ іс жүзінде осы күнге дейін Байден үкіметі  Трамп үкіметі 4 жыл бойы ұстанып, жеңілістен басқа нәтиже бермеген жолда қадам басуда.

Энтони Блинкеннің Иранның Оңтүстік Кореядағы ақшасын бұғаттау және ауыр ауруларға шалдыққандарға дәрі-дәрмек алуға арналған ақшаның тасымалдануына тосқауыл қою туралы сөздері Байден үкіметінің Иран халқына барынша қысым саясатын жалғастырып жатқанын көрсетеді.

Иран қырағы қарсылық білдіріп, стратегия қолдану арқылы өткен 4 жылда қиын да болса,  халықтың басты қажеттіліктерін қамтамасыз етті және осы жолды бұрынғыдай бар күш-жігерімен жалғастыруда. Осы салада Иранның Орталық банкінің басшысы Абдул Насер Хеммати Иранның валюталық көздеріндегі қиыншылығын шешуге тәуелсіз ерік-жігерінің барын айтып: «Орталық банк елдің валюталық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған бағдарламасын Оңтүстік Корея мен басқа елдерде бұғатталған ақшаны назарға алмай жасады»,-деді.

Байден үкіметі Трамптың барынша қысым саясатын жалғастыру арқылы АҚШ-тың Иранға қатысты тұрақты мақсаттарына жетуді көздейді. Өткен 42 жылда АҚШ-тың түрлі үкіметтері алуан тәсілдермен осы мақсаттарға жетуге тырысты, бірақ Иран ешқашан өзінің принциптері мен мүдделерінен кері шегінген емес.

Қазіргі таңда АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуына қатысты Иранның кесімді ұстанымы санкцияларды әсерлі түрде жою болып отыр. Өйткені ядролық келісімге қайта оралусыз дипломатияға қайта оралу, санкцияларды жоюсыз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралу мүмкін емес.