АҚШ-тың Қырғызстанның ішкі істеріне араласуы сыналды
https://itolqyn.com/news/world-i51054
Қырғыз журналисті АҚШ елшісін Қырғызстанның ішкі істеріне араласқаны үшін сынады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2021 18:02 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Қырғызстанның ішкі істеріне араласуы сыналды

Қырғыз журналисті АҚШ елшісін Қырғызстанның ішкі істеріне араласқаны үшін сынады.

Қырғыз журналисті Дайырбек Аронбеков Бішкектегі басылымға берген сұхбатында: «Бішкектегі АҚШ  елшілігінен басқа бірде-бір шетелдік елшілік елдің ішкі істеріне араласпайды»,- деді. Ол: «АҚШ елшісі   Дональд Лудың ішкі істерге араласуына байланысты біз оны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, прокуратураға немесе ішкі істер министрлігіне жұмысқа алуымыз керек!»- деп келекемен жазды.  Аронбеков: «Шетелдік елшіліктердің ешқайсысы біздің ішкі істерімізге араласпайды және халықаралық қатынастардың этикалық нормалары араласуға жол бермейді. Бірақ АҚШ елшісі құқық қорғау органдарының қызметін үнемі бағалайды немесе оларға психологиялық қысым жасайды»,- деп қуаттады.