Иранда Азия чемпиондар лигасының футбол ойындары өтпейтін болды
Азия чемпиондар лигасының футбол ойындарын өткізуге үміткер болған Иранның ұлттық футбол командасы мен футбол клубтары Азия футбол конфедерациясының бір салғырт саяси шешімінің салдарынан бұл жарысты өткізуден шеттетілді.
Бұл шешім Азия чемпиондар лигасына қатысып жатқан футбол федерациялары мен футбол клубтары басшыларының қатаң наразылығына ұшырады.
Азия футбол конфедерациясы (AFC) жұма күні Иранның футбол федерациясына хат жолдап: «Иран Азия чемпиондар лигасының жарыстарын өткізу рұқсатынан айырылды. Иранның төрт футбол командасы (Персеполис, Естеғлал, Сепахан мен Шаһр-е Ходроу) өз кездесулерін үшінші елдерде өткізулері керек»,-деп мәлімдеді. Азия футбол конфедерациясы Иран ұлттық футбол командасы бәсекеге түсіп жатқан үшінші топта Азия чемпиондар лигасының жарыстарын өткізу рұқсатын ресми түрде Бахрейнге берді.
Иранның Спорт және жастар министрі Солтанифар Азия футбол конфедерациясының бұл шешімін спорттан тыс саяси сипатта қабылданған шешім және Иранға қарсы санкциялар пазлының бір бөлігі деп атады.
Иранның Спорт және жастар министрі Иранның жарыс өткізуге құқылы екенін айтып, осыған қатысты FIFA басшысы Джанни Инфантино және AFC басшысы шейх Салманға хат жазғанын айтты.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде де Азия футбол конфедерациясының Иранды жарыс өткізуден мақрұм ету шешімін спортқа қатыссыз саяси шешім деп атап: «Спорт саласындағы дипломатияда сәттілікке жету үшін бар күшімізді саламыз»,-деді.
Заң бойынша Ирак, Бахрейн мен Гонконг командалары қарымта ойындарын Теһранда өткізулері тиіс еді. Сондықтан ойындар бір жерде өткен жағдайда Иран жарысты ұйымдастыруға құқылы. .
AFC басшысы шейх Салман ашық түрде заң бұзып, Иранды алып тастап, оның орнына Бахрейнді үшінші топтың ойындарын өткізетін ел деп жариялады.
Ал бұл жағдайда топтық ойын барысында Иранның үш командасының (Естеғлал, Трактор, Персеполис) ішінен Персеполис командасының ойын өткізу шартына сай екені айқындалды.
AFC басшылары бұл мәселені де назарға алмай, тәжірибе мен сапа тұрғысынан Иранмен салыстыруға келмейтін Үндістанды Е тобы командаларынан артық көрді.
Тағы бір айта кететін жайт – Азия футбол конфедерациясының Иран футбол командаларының Сауд Арабиясында болмағанына көңіл аудармауы. AFC екі ел футбол федерацияларының ерекшеліктерін ескерместен, Естеғлал командасының өткізу құқығын Сауд Арабиясының «әл-Аһли» командасына берді.
Тарих көрсеткендей, бұдан бұрын да Иран Азия және әлемдік спорт ұйымдары тарапынан жалған сылтаулармен шектеулерге ұшырады.
Айқын нәрсе мынау: әрбір елдің өз жерінде халықаралық футбол ойындарын ұйымдастыруға құқығы бар. Саяси шешімдер қабылдап, бұл құқыққы аяққа таптауға болмайды. Мұндай шешімдердің мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық салдарлары болады және әлем елдерінің халықаралық спорт ұйымдарына сенімін жоғалтуына әкеліп соқтырады.
Аймақтағы кейбір елдердің осындай шешімдер қабылдануына араласуы халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларында жазылған бейбітшілік пен бауырластықты тарату принципіне қайшы келетін заңбұзушылық саналады. Сондықтан Иран өзін ойын ұйымдастыру құқығына ие санайды және Халықаралық олимпиада комитетіне қарасты CAS сотына Азия футбол конфедерациясының үстінен шағым түсіріп, мәселенің шешілуін қадағалайды.