Наурыз – тату тіршілік пен тілеулестіктің көрінісі
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мәдени өкілдігінің басшысы Наурызды тату тіршілік пен тілеулестіктің көрінісі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сәрвәр Бахти сәрсенбі күні Теһранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ғимаратында өткен Наурыз мейрамында түрлі елдердің елшілері мен қонақтарды қошеметтеп: «Наурыз – ЭЫҰ аймағындағы халықтарды байланыстыратын көне мейрам. Наурыз әлемнің түкпір‑түкпірінде тойланады»,-деді.
ЭЫҰ мәдени өкілдігінің басшысы: «Біз аймақтың маңызды мәдени құндылықтарын келер ұрпаққа таныстырып, табыстауды мақсат тұтамыз»,-деді.
Ауғанстанның Ирандағы елшісі Абдулғафур Ливал да осы рәсімде: «Ауғанстанда, аймақ пен әлемде бейбітшілік орнайтынына үміттенейік»,-деді.