АҚШ: Иранмен тұтқындармен алмасу туралы келіссөз жүргізгіміз келеді
Нау 18, 2021 20:06 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Иранмен тұтқындармен алмасу туралы келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джалина Портер сәрсенбі күні баспасөз конференциясында тұтқындармен алмасу туралы: «Бұл – Иранмен талқылағымыз және орындағымыз келетін мәселелердің бірі»,-деді.
Ол сөзінің жалғасында: «Біз әрдайым Иранмен мағыналы әріптестік жасап, мәнді дипломатия жүргізгіміз келеді. Келіссөздер үстелі басында олардың бізбен бірге отыруын қуана қарсы аламыз»,-деп уәж айтты.
Тегтер