Байден Путинге тіл тигізді
2021 жылы қаңтарда АҚШ-та Джо Байден билік басына келгеннен кейін АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы шиеленісіп барады. Вашингтон Ресейге қарсы ұстанымдары мен іс-шараларын арттырды. Енді екі елдің текетіресі президенттер деңгейіне жетті.
АҚШ Президенті Джо Байден бір сұхбатында Ресей Президенті Владимир Путинді «қанішер» деп атағаннан кейін Мәскеу Вашингтондағы елшісін АҚШ-пен келешектегі қарым-қатынасын талқылау үшін шақырып алғанын мәлімдеді.
АҚШ Президентінің бұл ұстанымы шын мәнінде Вашингтонның Мәскеуге қатысты жауластығы мен қайшылығының тереңдігін көрсетеді, сонымен бірге АҚШ басшыларының Ресей басшысы туралы шынайы көзқарасын паш етті. Владимир Путиннің Ресей халқы арасындағы орны мен жағдайын ескерсек, Байденнің бұл құрметсіздігінің осы екі ядролық державаның қарым-қатынасында көптеген салдары болуы мүмкін. Байден демократ президент ретінде Ресеймен жақсы қарым-қатынаста емес. Кейбір демократтардың пайымдауынша, Мәскеу АҚШ-та 2016 және 2021 жылдары өткен президенттік сайлау кезінде республикашылдардың үміткері Дональд Трамптың мүддесіне қарай әрекет етті. Әсіресе АҚШ барлау органының соңғы есебінде Ресейдің Байденге зиян келтіру үшін АҚШ президенттік сайлауына араласуға талпынғаны туралы ашық айтылған. Демократтардың сенімінше, Путин АҚШ сайлауына араласуға тікелей бұйрық берген.
Басқа жағынан Байден үкіметінің «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының уақытша нұсқаулығы» атты құжатының баптарына шолу жасағанда АҚШ үкіметінің Ресейге қатысты түсінігінен хабардар боламыз. Бұл құжатта Ресейге қарсы бұрынғы айыптар қайталанып, «Ресей бұрынғыдай әлемде өз ықпалын нығайтып, халықаралық сахнада бүлдіргі рөл ойнауға бел буып отыр» деп жазылған.
Осылайша Байден үкіметінің көзқарасынша Мәскеу белсенді түрде Вашингтонның халықаралық сахнадағы ықпалы мен күш-құдіретін әлсіретіп жатыр. Сондықтан АҚШ Ресей іс-шараларының алдын алу үшін кесімді қатынас көрсетуі тиіс.