Ұлыбритания офицерлері Сауд Арабиясының әскери қызметкерлерін жаттықтыруда
Дүниежүзілік қауымдастықтың Сауд әулеті режимінің Йеменге зорлық-зомбылық көрсетуіне қатысты ашуына қарамастан, Ұлыбритания әскерінің аға офицерлері Сауд режимінің әскери күштерін жаттықтыруды жалғастыруда.
PressTV-дің хабарлауынша, Сауд Арабиясының бір жыл бұрын Йеменге басып кіруі және соның салдарынан мыңдаған Йемен азаматтарының қаза табуына қарамастан, Ұлыбританияның офицерлері Сауд Арабиясы күштерін жаттықтыруда. Ал Сауд Арабиясының әскери қызметкерлері үйренген әдістерін Йемен халқына қарсы шабуылдарда пайдалануда.
Ұлыбританиялық The Guardian газетінің хабарлауынша, Ұлыбританияның әскери қайраткерлері Сауд Арабиясының Йеменге шабуылында, мақсаттарды белгілеуде және Йемендегі әрекеттерге жетекшілік етуде Ұлыбритания офицерлерінің қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Осындай жағдайда, бүгін жексенбі күні таңертең Йемен әскері мен халықтық күштері Сауд Арабиясы басқыншыларының Йеменнің оңтүстігінде орналасқан Әл-Бейда провинциясының Зи-Наим аймағына ілгерілеу талпынысына тосқауыл қойды. Басқа жақтан, Сауд Арабиясы күштері атысты тоқтату келісімін бұзуды жалғастырып, сенбі күні кешке Йеменнің оңтүстік-батысында орналасқан Таиз провинциясының Базараа аймағын бомбалаған болатын.