АҚШ-та теңсіздік пен кемсітушіліктер жалғасуда
АҚШ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер ақтар мен түрлі-түсті адамдар арасындағы нәсілдік кемсітушілік мәселесінде және олардың жұмыс пен әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігі мәселесінде ғана емес, сонымен қатар көптеген жағдайларда мысалы ерлер мен әйелдердің күнделікті жалақы сынды мәселелерде де байқалуда.
Қазіргі кезде вакциналау мәселесінде де ақ түсті мен түрлі-түсті адамдар арасында кемсіту қатты сезілуде.
CNN телеарнасы бұл салада: «Вакцинаның қол жетімсіздігі АҚШ-тағы коронавирустан қатты зардап шеккен түрлі-түсті қауымдастықтар үшін күрделі проблема болып табылады. Американдық қоғамдағы бұл топтарға вакциналар өте қажет, бірақ олар оларға қол жеткізе алмайды»,- деп хабарлады.
Нәсілдік кемсітушілік пен нәсілшілдік әрқашан американдық қоғамда маңызды проблема болды. АҚШ Президент Джо Байден елдегі жүйелік кемсітушілік пен нәсілшілдікті мойындап: «Біз бұл елдің негізін қалаған принциптерді ешқашан толық сақтаған емеспіз»,- деді. АҚШ-тағы негізі латындықтардан кейінгі екінші нәсілдік азшылдар қара түстілер АҚШ тұрғындарының шамамен 14 пайызын құрайды. Бұл азсанды топ әрқашан кемсітушілікке тап болғанымен, Дональд Трамп билігі кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік күшейді. Олар тіпті коронавирус вакцинасы мәселесінде де кемсітшілікпен кезігуде. Covid 19 вакцинасын егуге тіркелу үшін бірнеше сағат бойы кезек күткен Бирмингем тұрғыны Бренда Хонг: «Мен нәсілшілдік пен теңсіздіктің не екенін білемін. Вакцинация бағдарламасы тиімсіз және бізді өте үмітсіздендірді», - деді.
АҚШ қоғамдағы кесітушілік әртүрлі жұмыс деңгейлерінде, тіпті ерлер мен әйелдер арасында болады. Жарияланған мәлімдемелерге сәйкес, әйелдер табыстарының теңсіздігіне байланысты еңбек ету уақытында ерлерге қарағанда орташа есеппен 406000 доллар алады.
Сенатор Берни Сандерс бұл салады: «Біз 2021 жылы әйелдерге ер адамдар сияқты істегені жұмысы үшін төленген әрбір 1 доллар үшін тек 0,82 доллар алғанын қабылдауымыз керек.
Біз 2021 жылы әйелдердің ер адамдар сияқты істегені үшін төленген әр 1 доллар үшін тек 0,82 доллар алғанын қабылдауымыз керек. Мен елімізде экономикалық әділеттілікке қол жеткізе алатынымызға сенемін. Бұл жұмыс үшін тең төлемақы төлейтімізді білдіреді»,- деді. Американдық қоғамдағы теңсіздік пен кемсітушілік тек осы жағдайлармен шектелмейді. Бұл теңсіздікті байлықты бөлу кезінде байқауға болады, ал аз ғана ауқатты отбасылар қоғамның жартысынан астамын иеленеді, миллиондаған американдықтар кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, ал олардың кейбіреулерінің тіпті өмір сүруге қажет азық-түлік сатып алу мүмкіндігі жоқ. Шын мәнінде, американдық қоғамда нәсілге, жынысқа, дінге және табысқа негізделген теңсіздік жағдайлары көп және АҚШ шенеуніктерінің барлық ұрандарына қарамастан, бұл күрделі мәселелер күннен күнге кеңейіп келеді.