Аймақтың 8 мемлекеті: Санкциялар мен экономикалық қысым - халықаралық құқықты айқын бұзу
Ресей, Беларусь, Армения, Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) санкцияларды басқа елдерге қысым көрсету құрал ретінде қолдануға қарсы мәлімдемесіне қол қойды.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеге қол қойған елдер біржақты мәжбүрлеу шараларының, оның ішінде басқа елдерге қатысты халықаралық құқыққа негізделген экономикалық шаралардың күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Мәлімдемеде БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес санкциялар қолдану БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құзыры екендігі қуатталды. Сегіз мемлекет тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасының маңыздылығын қуаттап, заңды үкіметтерді құлатуды ұйымдастыруға бағытталған кез келген араласуды, сондай-ақ қысым жасауды халықаралық құқықты айқын бұзу деп атады.