Қытай Сыртқы істер министрінің Теһрандағы кездесулері
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Иран-Қытай 25 жылдық келісімшартына жауапты басшы Әли Лариджанимен кездесті.
Кездесуде тараптар екіжақы қарым-қатынасты дамыту және екі ел арасында 25 жылдық келісімшартына қол қою туралы сұхбаттасты.
Ван Идің Теһранға сапары барысында Иран мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері екі елдің жан-жақты әріптестік бағдарламасы құжатына қол қояды деп күтілуде.
Сондай-ақ Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Теһранда екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 50 жыл толуына арналған құжаттар көрмесі ашылды.
Қытай Сыртқы істер министрі жұма күні түстен кейін Иран басшыларымен кездесіп, екіжақты және халықаралық байланыстарды дамыту туралы сұхбаттасу үшін екі күндік іссапармен Теһранға келді. Ван И Иран Президенті және Сыртқы істер министрімен де кездеседі деп жоспарлануда.